2015 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 340-құжат);
2) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 366-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.